Президент: Сайлаудың таза, ашық, әділ өтетініне кепілдік беремін

20190409130552 Жаңалықтар

  Atr.kz/ 9 сәуір, 2019 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың маусым айында Қазақстанда өтетін кезектен тыс сайлауды әділ өткізуге кепілдік берді.

Бұл туралы Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеуінде мәлімдеді. 

«Елдегі қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басу үшін, әлеуметтік-экономикалық мақсат-міндеттерді лайықты жүзеге асыру үшін бізге айқындық қажет. Оның үстіне, әлемдегі ахуал бұлыңғыр болып тұр. Бұл Отанымыздың қауіпсіздігіне сын-қатер әкелуі мүмкін. Ішкі және сыртқы саясаттағы сабақтастық пен тұрақтылықты сақтап, Елбасы ұсынған әлеуметтік бағдарламаларды ойдағыдай сәтті әрі тиімді іске асыруымыз керек», – деді Президент.

  Оның айтуынша, мұндай шешім тек халықтың тікелей еркімен сайлауда қабылдануы қажет.   «Қазақстан – демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады.  Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл – менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге  сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз