Ең бастысы – адами капиталды дамыту

crop 1 in 1492423398 Саясат

Аtr.kz/28 мамыр, 2020 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен  Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы бұл жолы негізінен білім беру саласының мәселелеріне арналды.

Президентіміз жиында осы саланы одан әрі реформалау бағытындағы нақты ұстанымдарын жария етті. Білім беру саласы өзінің толыққанды деңгейіне көтерілуі үшін оған мемлект тарапынан көңіл бөлінуі қажеттілігін баса айтты. Елімізде білім саласына бөлетін қаржы жеткіліксіз екенін, соның салдарынан білім беру сапасы мен мектеп инфрақұрылымы дамыған елдермен салыстырғанда әлдеқайда кенжелеп қалғанын жеткізді.

Иә, расымен де өзіңді өзгемен иық тірестіріп, теңестіретін нәрсе бұл – білім. Себебі, біз күнделікті өмірден көріп, біліп отырғанымыздай, Жапония мемлекеті  ешқандай табиғат ресурстарына байланбай-ақ әлемдік державалардың ең алдыңғы сапынан көрініп отыр. Яғни, ол өзінің басты капиталы ретінде адами капиталды дамыту саясатын ұстанып отыр.

Ал, адами капиталды көтеру азаматтардың білім мен денсаулық сапасын арттырумен тікелей байланысты. Сондықтан, біздің еліміз де дамыған елу елдің қатарына ену үшін, ең басты капитал ретінде білім саласын дамытуы қажет. Кешегі отырыста білім мен ғылым жүйесінің түбегейлі өзгертілуінің талап етілуі де сондықтан. Яғни, алдағы уақытта осы саланың маңызы арта түсетіні айдан анық.  

Осы себепті, Президентіміз айтқандай: «Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсініп, бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асыруымыз керек».  

Манет ӨТЕПҚАЛИЕВА,

Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз