ЕЛБАСЫ САЛҒАН САРА ЖОЛ ЖАЛҒАСЫН ТАБУЫ ТИІС

1515471226 flag Саясат

Маңызы зор мәлімдеме


Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл.  Биылғы 19 наурызда ееркше тарихи сәт орын алды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жасаған Үндеуінде маңызды шешім қабылдағаны жөнінде мәлімдеме жасады.

Сөйтіп, ол өзінің президенттік өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Отыз жыл ел тізгінін қолына ұстай  білген Елбасының мәлімдемесі қазақ халқын бей-жәй қалдырмағаны анық. Бұл мәлімдемені тек Қазақстан халқы ғана емес, басқа да мемлекеттер үлкен толғаныспен, алаңдаушылықпен қабылдады.

  Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі сәтте батыл қадамдар жасап, «алдымен экономика,   кейін саясат» деген болатын. Себебі, сол кезде ішкі өнімдер бірнеше есеге кеміп, көптеген зауыт-фабрикалар, мекемелер өздерінің жұмыстарын тоқтатқан еді. Соған қарамастан Н.Ә.Назарбаев айналасындағы адамдармен ақылдаса отырып Қазақстаннның сара жолын салып берді.

1553000785 article b 1500

Елбасының сабдалы саясатының арқасында алға қарай батыл шешімдер қабылдап, біз тоқырау заманынан сүрінбей өтіп,  қазіргідей дамыған,  басқа шет мемлекеттермен иық тірестіре алатындай демократиялық мемлекет құра алдық.  Сондықтан да Қазақ елінің тарихында, оның дамуында оның өзіндік үлесі мен орны бар деп ойлаймын.

Елбасының өзінің президенттік өкілеттілігін тоқтату жөніндегі мәлімдемесін де біз үлкен түсіністікпен қабылдауымыз керек. Мұндай шешімді қабылдау қаншалықты қиын болғанын да  сезінеміз. Бірақ, бұл істің бәрін Елбасымыз байыппен, ақылға салып, Ата Заңымыз Конституция шеңберінде шешіп отыр. Президенттің уақытша міндетін атқарушы болып Конституция бойынша президенттен кейінгі ресми екінші тұлға еліміздің Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды. Мен алда сайланатын болашақ президентіміз де Елбасының сарабдал саясатын жалғастырып, халықтың қолдауымен экономикамыз бен саясатымызды тұрақтандыруда, одан әрі дамытуда  бар күш-жігерін салады деп сенім білідремін.

Сәлімгерей АЙМҰРАТОВ,

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің  «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі,

философия ғылымдарының кандидаты, доцент. 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз