САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ – КӨМЕК ОРТАЛЫҒЫ

Жағдайы төмен және мұқтаж жандарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған көмек орталығы  сағат 10.00 мен 15.00 уақыт аралығында жұмыс жасайды. Орталыққа кез келген адам киім-кешек, техника, кітап, әдемі ойыншықтарды әкеліп бере алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көмек орталығы жыл бойына қызмет көрсететін болады. Орталықтың ашылуына үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, шағын және орта кәсіп иелері,  «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сауда орталықтарындағы дүңгіршектер иелері қатысты. Соның бірі – Әлия Қайырова. Ол «Рахат» сауда үйіндегі дүңгіршекте киім-кешек сатады. Қайырымдылық көмек орталығына әдемі киім-кешектерін алып келіпті. Су жаңа, тап-таза жаңа киімдерді орталыққа әкеліп тұрмын. Өйткені, мұқтаж  жандарға қолдан келгенше қол ұшын созғанға, оларды қуантқанға не жетсін?», – дейді ол.    

Қайырымдылық көмек орталығы жайында алдын  ала естіген көптеген тұрғын қалың күртеше, бас киім, тоқылған жейде секілді киім-кешектерді де әкелді. Ерекше айту керек, акцияға жастар белсенділікпен атсалысты. Кейбір  дүкеннен сатып әкелсе, кейбіреуі өздерінің киімдерін ала келген.

«Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерболат Бектеміровтің айтуынша, бүгін де Атырау облысында төрт мыңдай әлеуметтік көмекке зәру жанұя тұрып жатыр. Көмек орталығы арқылы олардың жоқ-жетігін жетілдіріп, қолқанат жасалмақ. Мейірбан жандардың барын сезінуге ықпалын тигізетін бұл шара жыл бойына жалғаспақ.

Нұргүл  ЫСМАҒҰЛОВА,

Суреттерді  түсірген

Ерлан  АЛТЫБАЕВ.

 

Орталық туралы толық

ақпаратты  27-60-10  нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыздар.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*