Сарапшы: Қазақстанның ер азаматтары әйелжанды болып кетті

Қазақстанда әйелдер үстемдік ететін отбасылар көбейіп кетті. Сарапшылар Қазақстанның ер азаматтары әйелжанды болып кеткенін айтып дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

pogudx30io4useumo.d1734719

Отбасылық қарым-қатынас бойынша маман Айдын Дүйсенғалиев отбасында міндетті түрде ерлі-зайыптылардың бірі үстемдік етеді деген пікірде. Бұл мәселені он жыл бойы зерттеп келген сарапшы Қазақстанда әйелдер басқаратын отбасылар көбейіп барады деген тоқтамға келген.

“Әйелдері ерлеріне бағынатын заман өтіп кетті. Мұны қабылдап, әйелдердің үстемдік ететінін мойындауымыз керек. Олар әйелжанды болып кетті. Мұны жасырып қайтеміз?”, – дейді Айдын.

Оның айтуынша, ер азаматтарды тәрбиелеп, бағатын әйелдер оларға әйел затын құрметтеуді кішкентайынан баулып келеді. Ал әйел маған бағынышты болып, дегеніммен жүруі тиіс дейтіндердің көңілі қалады дейді маман.

“Олар өзінің мансабына, жұмысына тұрмысқа шыққан. Олар үшін ер азаматтар қызық емес. Әйелдер қарым-қатынасты романтиканы іздеген сәтінде ғана бастайды”, – дейді ер азаматтарға арналған клубтың қатысушысы Дмитрий Светов.

29 жастағы Зарина күйеу іздестіріп жүр. Мықты әрі жетістікерге жеткен ер азаматты күтіп жүрген ол күйеуін болашақта өз бақылауында ұстауды қалайды.

“Ер адам – бас болса, әйел – оның мойны. Мойын қайда бұрса, бас та сол жаққа қарайды. Алайда бүгінде ер азаматтарға мойынның рөлін аналары атқаруды доғармайды”, – деп күрсінді Зарина.

“Ене өз әдетінше ерлі-зайыптылардың жеке шаруасына тұмсығын сұғады. Ол келініне ұлына жақсы қарайласуды үйретпейді”, – дейді “Қалыңдықтар мектебінің” қатысушысы Зарина Шах.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*