САПАСЫЗ ТАҒАМДЫ САТУ

 

Баяндамада сөз болғандай, тамақ нысандарының қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында үстіміздегі жылдың өткен кезеңі ішінде 49 тағам өнімдері сынамалары сатып алынып, зертханалық сараптамалар жүргізілді. Сараптама қорытындысы бойынша   техникалық регламенттер талаптарына сәйкес емес 30 тамақ сынамасы «Идеал», «Лидер», «Атаба» супермаркеттерінде, сондай-ақ, жеке кәсіпкер Елеусінованың «Елемес», Жанбалаеваның «Бекжан» дүкендерін тексеру кезінде анықталды. Осы тексеру барысында тамақ өнімдерінің жүз пайызы таңбалану талабына сәйкес болмаған. Соның ішінде тағам атаулары мемлекеттік тілде жазылмаған.

Сараптама қорытындысымен тағамның алты түрі қауіпсіздік көрсеткіштеріне, яғни, бактериологиялық деңгейге сәйкес келмеген. Атап айтқанда, «Корона» компаниясымен дайындалған  котлеттер,  тұшпаралар, «Арктика» компаниясымен  өндірілген кальмар  филесі, Украина елінде өндірілген «Сметанковый», «Кантри» сыралары, Беларуссиядан шығарылған «Савушкин» сүзбе өнімдерінің сапасы төмен.

Осындай сапасыз тағам өнімдері анықталып, санитарлық ұйғарым бойынша пайдалануға болмайтындығы ескертілді. Сондай-ақ, қауіпсіздік көрсеткішіне сәйкес емес 59 кг өнім саудадан түсіріліп, 4118 кг өнім жеткізушілерге кері қайтарылды. Осы ретте  берілген ұйғарымды орындамағаны үшін «Идеал Маркет» ЖШС-нің ісі сотқа  жолданды. Бұл жағдай кейбір кәсіпкерлердің тұтынушылар құқықтарын бұзып отырғандығын көрсетеді. Нақты айтсақ, кәсіпкерлер  қауіпті тағам өнімдерін саудалауды тоқтатпай отыр. Мұның өзі халықтың тамақтан улану фактілеріне ықпал етері сөзсіз.

Екіншіден, сауда саласындағы кәсіпкерлер, өнім, жеткізушілерді қоса алғанда, Кеден одағы шеңберіндегі нормативтік құжаттар,  техникалық регламент талаптары сақталмауда.

Департамент мамандары кәсіпкерлердің тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қатаң қадағаламауынан тұтынушылардың  денсаулығына тигізер зардабының ерекше екендігін айта келіп, кәсіпкерлерге қызмет сапасын жақсарту жайында оқыту-үйрету дәрістерін өткізді.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*