Сапалы байланыс – әр отбасына

Кәсіби мерекеге атыраулық байланысшылар да  табыспен жетіп отыр. Телефониядан бастап жоғары жылдамдықты интернет, интерактивті телевидение сервистері, біріктірілген ұялы байланыс қызметтері. Бұл тізімді әрі қарай да жалғастыра беруге болады. Біз Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында сала жетістіктері туралы  Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Ерсайын Дүйсемәлиевтен  білген едік.

Сапалы байланыс Ц __р отбасына

Ерсайын Жексенұлы, төл мереке құтты болсын! Өзіңіз білесіз, телекоммуникация нарығында бәсекелестік күннен күнге өсіп келеді. Осы орайда, кәсіпорынның өзгелерден оқ бойы озық тұруына қалай қол жеткіздіңіздер деген  сауал туындайды…

– Рахмет. Қоғаммен бірге тыныстап, қаламды серік еткен журналистерді де кәсіби мерекемен құттықтаймын. Бүгінгі таңда Атырау облыстық телекоммуникация дирекциясы қызметтердің кең ауқымын ұсынуда.

– Аймақтың байланыс саласында соңғы жылдары тың жобалар жүзеге асқанынан хабардармыз. Оның үстіне,  абоненттердің сұранысы мен талғамы өзгереді…

Компаниямыздың даму бағыттарында жеткен жетістіктеріміздің бірі Атырау және Құлсары қалаларында  FTTH желісін салу болды. Жоба 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл көпқабатты тұрғын үйлер мен жеке секторда орналасқан құрылыс нысандарын оптика желісіне қосуға  мүмкіндік берді.  Қазіргі таңда  iD Net қызметін жиырма мыңнан астам абонент пайдаланса, сандық телевидениеге 24 мыңнан астам орын тартылған. Оптикалық жүйеге 857 көпқабатты үй мен  5941 жеке сектор қосылды. Тағы бір ірі жоба – LTE желісін салу  инфрақұрылымы жоқ аудандарда ғаламтор желісіне кеңжолақты қатынау қызметтері.  Бүгінде 4G қызметі Атырау, Құлсары қалаларында, Миялыдан басқа барлық аудандарда енгізілді. Барлық ауылдық елді мекендер телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Цифрландыру деңгейі 100 пайызды құрайды.

– Табысты компанияның алға қойған жоспарлары қандай?   

– 2016-2018 жылдарға арналған басым міндеттердің бірі ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық желіні дамыту болып табылады. Бұл бағыт ауылда да жоғары жылдамдықты сервистерді ұсынып, мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар түрлі электронды құрылымдарды жүзеге асыратын облыстың телекоммуникация желілері ресурстарын құруға мүмкіндік береді.

Байланыс саласы туралы сөз қозғалғанда бірден күнделікті қолданып жүрген телефон мен интернетті еске аламыз,  ал «Қазақтелеком»  ұсынатын қызмет түрлері біз ойлағаннан көп сияқты ғой…

Компанияда үшінші жыл қатарынан «Өрлеу» бағдарламасы іске асырылып келеді. Ол көрсетілетін қызмет сапасының жоғарылауына, қаржылық жағдайдың жақсара түсуіне оң әсер етті.

Қазір барлық отбасы үшін  телефония қызметі мен жоғары жылдамдықты интернеттен басталып, интерактивті  телевидение мен ұялы байланыс кіретін «отбасылық» операторды қалыптастырудамыз.  Бұл – «Әмбебап нөмір» қызметі, үйдегі және ұялы интернеттің пакеті,  ID Net Wireless, бизнеске арналған қызметтер.

Айбөпе Сабырова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*