Санат – үздік ондықта

Атыраулық Санат Асуат «Junior Eurovisin – 2018» халықаралық балалар конкурсына бару үшін бақ сынайды.

????????????????????????????????????

«Хабар» агенттігі 25 қараша күні Минскіде өтетін «Junior Eurovisin – 2018» халықаралық балалар конкурсы үшін алдын ала республикалық іріктеу сайысын ұйымдастырған еді. Қазақстан бұл халықаралық конкурсқа алғаш рет қатысқалы отыр. 134 үміткер бақ сынасқан додада Атырау облысының атынан Санат Асуат қатысып, ең-ең деген үздік ондықтың қатарына енді. Оларды еліміздің білікті өнер мамандары таңдады.

Үздік ондыққа кірген қатысушылар 22 қыркүйек күні Алматыда қала күніне арналған Гала-концертте бақтарын сынайды. Халықаралық конкурсқа қатысушы қазылар алқасының бағасы мен көрермендердің смс арқылы беретін дауыстары бойынша анықталады.

– Конкурстың талабы бойынша байқауда авторлық ән айтылуы керек. Қазір ұстазыммен бірге бұл байқауға қызу дайындық үстіндемін. Байқау «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Жерлестерімнен қолдау күтемін, – дейді Санат Асуат.

????????????????????????????????????

12 жасар Санат – техникалық гимназияның 8 сынып және Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы жанындағы балалар музыка мектебінің жетіген аспабы бойынша 3 сынып оқушысы.

Санат Асуаттың бұл бірінші байқауы емес. Бұған дейін де Македонияда өткен «Asterisks – 2017» балалар ән байқауының, «Алмалы – 2018» халықаралық балалар өнер сайысының гран-при иегері атанған. Сондай-ақ, ол – биыл Ақтөбе қаласында Димаш Құдайбергеновтің қолдауымен өткізілген «Бақытты бала – 2018» халықаралық ашық вокал байқауының 2 премия иегері.

Хорлан Смадияр

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*