Санамыз ісімізден озық жүрсін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы мен Жаңа жылдың белесінде жарияланған Жолдауы – Қазақстан мемлекетінің таяу арадағы даму басымдылықтарына терең мән беріп, болашаққа бағдар беретін айрықша маңызды құжаттар.

Санамыз ісімізден озық жүрсін

Кемеңгер көсеміміз өзінің терең ойлы мақаласында – «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі керек, яғни, одан бұрын жаңғыруы тиіс», «Жаңғыру халықтың ұлттық тамырынан нәр алуы керек» деп ұлт көкейіндегі ойды дөп баса білген. Сөйтеді де: «Егер жаңғыру елдің ұлттық тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды» деп алаңдаушылығын да білдіреді. Міне, мәселе қайда жатыр? Яғни, ел дамуындағы ең бір өзекті мәселенің бірі – рухани жаңғырудың басында ұлтымыз бен оның ғасырлар бойы жинақталған рухани құндылықтары тұруы тиіс. Құнарлы нәрден қуанып ішкен рухани тамырымыз тереңде екеніне тәубе деуіміз керек.

Елбасымыздың биылғы Жолдауын бүгінгідей сәт санап өзгеріп жатқан дүниеде еліміздің болашақтағы даму жолын көрсетіп берерлік өрелі еңбек деп санаймыз. Ел экономикасын тұрақтандырып қана қоймай, оның жаңа бағыттарын анықтайтын нақты ұсыныстарын он негізгі міндеттің аясына сыйғызу – таңғаларлық, көрегендік идеясы.

Мұндай тамаша идеяға өзіндік көзқарасыммен талдау жасасам: қандай жұмыс болса да адам екі қолымен жасайды. Екі қолында он саусақ бар. Ал, данышпан қазақ – «он саусақ жұмылса – жұдырық» дейді. Президентіміз: сол он саусақ секілді он нақты тапсырманы «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып», жұдырықтай жұмылып, бірдей жүзеге асыруымыз керек деп тұр емес пе?!

Ардагер ұстаз болғандықтан,  білім беруді түбегейлі жақсарту, студенттерге білім емес, диплом ғана берудің жолын кесу азаматтық қоғамның іргетасы деп нақтылау біздің оқытушыларымызды ойландыруы тиіс деп ойлаймын. Біз осы міндеттерді бұлжытпай орындап, еліміздің дамуы жолында ерінбей еңбек етуіміз керек.

Нұр-Мұхаммед Есенәліұлы,

Жылыой ауданының Құрметті азаматы

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*