САН ЕМЕС, САПА КЕРЕК

 

«Жылыой ауданында балаларға арналған әткеншектердің сынып қалғаны, тұрғын үйлердің төбе жабындысының желмен ұшып кеткендігі, алаңдардың қараусыз қалғандығы анықталды. Бюджетті әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатын  тиімді пайдаланып, жоғары нәтижеге қол жеткізу принциптері  сақталмаған. Пайдалануға берілген ойын алаңдары бір жыл болмай, істен шыққан. Бірақ, келісім-шарт бойынша барлығы 9 млн. теңгенің жұмыстары қабылданып, сапасыз іс үшін мердігерге қаржы аударылса, Индер ауданында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының талаптары бұзылған. Қоғамдық кеңес мүшесі, сараптама тобының жетекшісі Ұлықбек Тінәлиевтің айтуынша, Атырау облысы бойынша қаржылық басқару инспекциясымен аталған құзырлы мекеме басшыларына 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұлдар салынған.

Сондай-ақ, ол өз сөзінде бүгінде облыстық прокуратура орындарымен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және энергетика саласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысының жағдайы бойынша тексеру шаралары жүргізіліп жатқаны және оның қорытындысын облыстық прокуратураның алқасында қарау көзделгенін айтты.

Мұндай олқылықтардан Мақат, Исатай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімдері де кенде емес екен. «Осындай өрескел кемшіліктер сайып келгенде тұрғындардың осы сала қызметкерлеріне, тіпті мемлекеттік орындарға деген сенімсіздігін тудырады. Мұндай кемшіліктердің кең  етек алуына қалай да тосқауыл болып, нақты шаралар алған жөн. Ең бастысы, жұмыс барысында сан емес, сапа тұруы керек» деді «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Сайын Қуанышев.

Жемқорлықтың жолын кесуде бүгінде нақты нендей шаралар қолға алынып жатыр? Бұл ретте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айдулат Кенжебеков пенАтырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Өмірбек Қамаловтың есептері тыңдалды.

А.Кенжебековтің айтуынша, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауда жіберген кемшіліктері үшін кейбір мекеме басшыларына сөгіс берілген.

Айтылған мәселелерді жан-жақты талқылаған кеңес мүшелері бюджеттік қаражаттарды заңсыз пайдалануға итермелейтін жағдайлар мен себептерді жоюға қол жеткізу, тікелей бағынышты қызметкерлерінің жемқорлық қылмыстары үшін мекеме басшыларын лауазымдарынан босату, сыбайлас жем­қор­лықпен күрес жөніндегі аудандардағы қо­ғамдық кеңестердің жұмысын жетілдіру жөнінде нақты шешімдер қабылдады.

   Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*