Салық ережесін түсіндірді

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бухгалтерлік есеп және салық салу ерекшеліктері» тақырыбында облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Нұрболат Сарманов үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесусеминар өткізді.

IMG_0429

Еліміздің заңнамасына сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың барлығы салық төлеушілердің қатарына жатады. Олар үшін арнайы белгіленген міндеттемелер бар. Әрбір тоқсан сайын үкіметтік емес ұйымдар салық есебін, жеке салық декларациясы мен әлеуметтік салық туралы құжаттарды тиісті органдарға тапсыруы керек. Өкінішке қарай, көп жағдайда бұл заңдылық сақтала бермейді. Аталған семинарда ҮЕҰ жетекшілері үлкен қызығушылық танытып, өз қызметтері барысындағы есеп-қисап пен салық салу ерекшеліктеріндегі біраз жаңалықтарға  қанықты. Олар мемлекеттік кірістер департаменті өкілінен өздерін толғандырып жүрген көптеген сауалдарына нақты жауап алды.

 

Сымбат МҰҚАНҒАЛИ,

Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*