САЛАУАТТЫЛЫҚ – САЛТЫМЫЗ

Кездесу барысында кандидат Т.Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты екі бағыты – коммунистік партия қызметінің негізгі қағидаттары және батыстық мәдениет пен батыстық өмір сүру салтының кері әсері туралы әңгімелеп берді.

«Батыстық әлем жүйесі дағдарысқа ұшырады: жаңа қоғамдық даму формалары іздестіріліп жатыр.

Қазіргі заманғы Батыстың келбеті экономикадағы, қаржы саласындағы трансұлттық корпорациялармен, қоғамның кедейлер және байлар болып бөлінуімен айқындалатын дамудың постиндустриялық кезеңіне, жаһандану дәуіріне аяқ басуымен сипатталады.

Шектен шыққан демографиялық үдерістер, босқындардың қалың толқыны гуманитарлық апатқа ұшыратуы мүмкін», –  дейді Т.Сыздықов.

Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасында атап өтілгендей, «жаһандық компьютерлендіру мен батыстық электрондық БАҚ қоғамның сана-сезімін улап, адамдардың арасына іріткі салу үшін индивидуализм принципін насихаттауда, бұл ғаламшардың мәдени тұтастығының құлдырауына алып келуі мүмкін».

Тек коммунистер ғана емес, сондай-ақ, ірі саясаткерлер, экономистер, ғалымдар да батыстық қоғам әділетсіз деген пікірді қолдайды. Дамушы коммунистік идеялардың көмегімен ғана адамзатты құтқаруға болады. Ол өз кезегінде теңқұқылы халықтарды, адам мен табиғаттың мүддесін үйлестіруге мүмкіндік береді.

Батыстық мәдениет пен батыстық өмір сүру стандарттарының кері әсері жайында одан әрі Тұрғын Сыздықов келесі мәселелерге тоқталып өтті:

«Батыстық мәдениеттің түйткілдері қазір әркімге аян. Ол маңызды құндылықтарынан айырылып, бағытын жоғалтқан күйде абдырап қалды. «Алтын көрсе періште жолдан таяды» демекші, батыстық қоғамда шексіз баю мен жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру өмірдің басты мәніне айналып барады. Батыстық фильмдерде насихатталатын бейқам өмір – адам-тұтынушы тәрбиелеп шығаруды мақсат тұтатын ақиқаттан алыс аңыз ғана».

Одан бөлек, кандидат Т.Сыздықов аграршылардың жұмысының, сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап өтіп, батыстық фаст-фудтың зияны мен сапасыздығына кеңінен тоқталды.

«Мұндай тағамды тұрақты тұтынудан туындайтын зиян ішімдіктің немесе шылым шегудің салдарынан кем түспейді. Алайда, фаст-фуд салынған пакеттің сыртында денсаулыққа келтіретін зияны туралы ешқандай ескерту жоқ.  Дұрыс тамақтану мәселесі әркез өзекті болып қала бермек – ол денсаулық негізі. Батыс елдерінде халықтың фаст-фудқа деген қызығушылығы семіздікке шалдыққан адамдардың санын еселеп жатыр. Сондықтан да, батыста жүрек-қантамыр аурулары адам өлімінің басты себебіне айналды», – деді Т.Сыздықов.

Өз кезегінде ҚКХП облыстық комитетінің жетекшісі С.Мартемьянов жиналған жұртты аймақтық сайлауалды штабтың жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Біздің штаб кандидатты қолдау бойынша үгіт жұмыстарына кірісті. Сенімді тұлғаның белгіленіп, насихат материалдарын тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Плакаттар ілініп, баннерлер орнатылды, кәсіпорын жұмысшыларымен алғашқы кездесулер ұйымдастырылды.  Жалпы, жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді, баспасөзбен де тығыз байланыс орнатылған», – деді С.Мартемьянов.

Қорытындылай келе, Тұрғын Сыздықов кездесу қатысушыларына алғысын білдіріп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді, сонымен қатар ауылшаруашылық өнім өндірушілеріне жағымды ауа райы мен сәтті егістік науқанын тіледі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*