«Салауатты өмір салтымен…» деген жалған ұранның уақыты өткен

Біреулер «салауатты өмір салтымен…» деп жалған ұрандап, жастардың қатысуымен жаппай көпшілік шараларын өткізеді. Ұзақтығы көп болса жарты сағатқа да жетпейді. Әсіресе, «флеш-моб» секілді би қимылдарын жасаудан келер пайда қандай? Тек соны ұйымдастыруға бөлінген қаражаттың желге ұшқаны болмаса…

look.com_.ua-13718

Атыраулық тарихшы ұстаз Қабибек Мұхитовтың пікірінше, салауатты өмір салты дегеніміз өте күрделі мәселе.

– Шын мәніне келсек, салауаттылық күнделікті өмірге бір күнде еніп кетпейді. Ол үлкен дайындық пен ынта-жігерді қажет етеді, – дейді ол. – Мұны сізге қарапайым мысалмен түсіндіріп көрейін. Атырау қаласына қарасты Алғабас деген ауылда тұрғанымда, ылғи таңмен таласа жол бойымен жүгіріп келе жататын егде жастағы бір адамды көретінмін. Жасы болса, жетпістен асқан. Сол секілді, салқын суға немесе қарға жуынатын адамдар, тіпті, тұтас бір отбасылар бар. Міне, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы солар жөнінде көбірек насихаттап отырсақ, қоғамды салауатты өмір салтына тартар едік.

Айтпақшы, жас кезінде бокспен айналысқан Атырау қаласының тұрғыны Жеңіс Айтбаев та әлі күнге дейін қашықтыққа жүгіреді. Ал, Адик Бермешов деген былғары қолғап шебері жасы алпысты алқымдаса да, спорттан қол үзбеген. Ол күніне екі рет «Авангард» ықшам ауданынан «Химпоселок» деген жерге дейін жаяу жүгіреді. Сондай-ақ, 16 рет марафон жарысына қатысқан Асқар Қазиев деген атыраулық спортшы бүгінде Атырау мұнай және газ университетінде шәкірт тәрбиелеуде. Міне, бұл адамдар туралы мен секілді сала мамандарынан басқасы білмейді. Олардың есімін халыққа танытуымыз тиіс.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*