“Саламатты әдеттер” марафоны басталды

Денсаулық сақтау министрлігінің бастауымен республика көлемінде “Саламатты әдеттер” марафоны басталды. Атырауда 11 шілдеде басталған бұл челлендж 8 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-07-13 at 12.50.46

Марафон 11 шілде күні Атыраудағы «Ретро парк» саябағында басталған болатын. Шара қалалық №7 емхана мен Атырау медициналық колледжі және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Мұндағы басты мақсат – әрбір адамның  өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыру.

Марафон 5 станциядан тұрады: халық денсаулығына кері әсерін тигізетін тұздан сақтану, күніне 2 литр су ішу, жеміс-жидектер станциясында витаминдердің адам денсаулығына пайдасын түсіндіру, шұғыл жағдай орын алған кезде орындауға тиіс іс-әрекеттермен таныстыру, күніне 10 мың қадам жаяу жүру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы тапсырмаларды күнделікті орындау арқылы, өз денсаулығын нығайтатын болады.

Марафонда қойып отырған талаптарымызды әр мекеме және тұрғын өз деңгейінде жалғастырып отыруы қажет. Қыркүйек айының 8-ші жұлдызында материалдар республикаға жолданып, қорытындысы шығады. Осы марафонның ережелерін орындағандарға арнайы алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады, – дейді Атырау медицина колледжінің директоры Лаура Кубаева.

Айта кетейік, бастамаға  қатысушылар міндетті түрде салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының әлеуметтік желілеріне тіркеліп, бастаманы қолдайтындықтарын сурет немесе бейне арқылы, «денсаулық кепілі саламатты әдеттер марафоны» хештэгтері арқылы әлеуметтік желілерде бөлісуі тиіс.

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*