САЛАҚТЫҚ САН СОҚТЫРАДЫ

Оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру санитарлық қағиданың талаптарына сәйкес болуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдардың бақылауында.
Биылғы жылдың өткен тоғыз айында мектеп асханаларын тексеру қорытындысымен санитарлық қағида талаптарын өрескел бұзушылықтар анықталып, 2 464 426 теңгеден 128 айыппұл салынды, 33 санитарлық нұсқама берілді, кезекті медициналық тексерістен өтпеген 5 адам жұмыстан уақытша шеттетілді. Алайда, қолданыстағы Заңнама талаптарына сәйкес мектеп асханалары, соның ішінде жеке кәсіпкерлер жалға алған мектеп асханаларының барлығы бірдей жоспарлы тексерістен өткізілмейді. Оның бір себебі – мектеп асханасын жалға алушы жеке кәсіпкерлердің үнемі өзге жұмыстарға ауысып кетулері кедергі келтіруде.
Дәлелмен айтсақ, 2013 жылдың оқу жылында Алматы қаласының №173 мектеп-лицейінде бастауыш сыныпта оқитын 51 бала жіті ішек ауруымен науқастанғаны тіркелді. Ауру көзі-ауру қоздырғышын тасымалдаушы мектеп асханасы қызметкері анықталып, емделу үшін жұмыстан шеттетілді. Осы жағдай бізде емес, басқа облыста орын алып отырғанын алға тартып, жайбарақаттылыққа салынбаған жөн. Бәрімізге мәлім, микробтар көп жағдайда тамақтың ыдысы таза болмаса, тамақты дайындаған адам ұқыпты, таза болмаса, ауруға душар етуі мүмкін. Мектеп асханасынан азық-түлік алғанда міндетті түрде оның жарамдылылық мерзімін тексеріп, олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттары болуы тиіс.
Оқушы тамағын ластау көзі болмас үшін асхана қызметкерлері жұмысты бастар алдында жеке гигиеналық тазалықты сақтауы керек.
«Сақтықта – қорлық жоқ» деп халық бекер айтпаған, «Ауру – астан…» болмас үшін оқушы тамағына жауапкершілікпен қараған жөн.

Бәтима СҰЛТАНҒАЛИЕВА,
мектепке дейінгі балалар және білім беру ұйымдарын санитарлық-гигиеналық
қадағалау бөлімінің бас маманы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*