САҚТАНСАҢ, САУ ЖҮРЕСІҢ

Жаман айтпай жақсы жоқ, түрлі өндірістік жағдайларда ұжым мүшелері кездейсоқ жарақат алып не өмірден өтіп кеткен болса, сол шаруа қожалықтарының басшылары мен жеке кәсіпкерлер өздерінің аударған қаржысын қызметкерлеріне төлейді. Айталық, белгілі бір мекеме 50 мың теңге жалақы алатын жұмысшыға бір жылда 1380-3420 теңгеге дейін сақтандыру ақысын аударып тұрса, кез келген жағдайда 600 мың теңге мөлшерінде сақтандыру қаржысы төленетін болады.

Тіпті жұмыс беруші қызметкерлерін сақтандырмаған жағдайда, оқыс оқиға орын алған мезгілде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 808-бабына сәйкес, көмек қаржысын өз есебінен төлейтін болады. Сондықтан алдын ала аз мөлшердегі сақтандыру ақысын кешіктірмей аударып отырған әлдеқайда тиімді.  

– Компания сегіз жылға жуық уақыт бойы тынбай халыққа қызмет көрсетіп келеді. Біз «Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңның аясында жұмыс атқарып отырмыз. Облыстағы  несие беруші банктер, түрлі сауда ұйымдарымен байланыс орнатып, қай мекеме жұмысшыларының болмасын, сұраныстарын қанағаттандырып келеміз, – дейді компанияның облыстық өкілдігінің директоры Асқар Сатыбалдиев.

Бұдан басқа «Кепілдеме» деп аталатын тағы бір бағдарлама бар. Ол бойынша қарыз беруші мекемелерден (банкі сияқты) алған несиені немесе қалған төлемді сақтандыруға болады. Жыл сайын сыйақы төленіп тұрса болды, өмірдің түрлі жағдайында сол қаражат қайтарылады. Мысалы, 3 млн. теңгеге несие рәсімделетін болса, жыл сайын 8400 теңге төленіп, жұмыссыз не еңбекке жарамсыз қалған мезетте тұтынушы қарызы өтеліп отырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*