САҚТАНҒАН САУ ЖҮРЕДІ

 Семинарда айтылғандай, өткен жылы құтыру бойынша шиеленіскен эпидемиологиялық ахуал республикамыздың  Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қалыптасып, 5 адам құтыру диагнозымен қайтыс болған. Ал, 1998-2010 жылдар аралығында Атырау аймағында адамдар арасында құтырудың 17 жағдайы тіркелген. Мәселен, инфекция көзі болып 11 жағдайда иттер, 5 жағдайда жабайы аңдар (түлкі, қасқыр), 1 жағдайда белгісіз аң анықталды. Ауырғандар ішінде антирабиялық (құтыруға қарсы) көмекке жүгінбеу салдарынан – 13 адам, кеш қаралудан – 1 адам, медициналық қызметкердің кінәсінен – 1 адам және антирабиялық екпе алу кезінде алкогольдік ішімдік қолданудан 2 адам көз жұмған. Соңғы рет құтыру жағдайы 2010 жылы Құрманғазы ауданы Ганюшкино селосында орын алған.

Облыс бойынша бұрнағы жылмен салыстырғанда, былтыр антирабиялық көмекке 1267 адам жүгінген. Әсіресе, ит қапқандар санының көбеюі Мақат ауданынан басқа барлық аудандарда және Атырау қаласында кездесуде. Жылыой, Исатай, Қызылқоға аудандарында шаруагерлер арасында құтыру диагнозымен 6 жағдай зертханалық жолмен тіркелген.

Семинар-сабақтың мақсаты – құтыруға қарсы сапалы және уақтылы профилактикалық көмек көрсету, соның ішінде зардап шеккендерге антирабиялық екпенің дұрыс тағайындалуы, тұрғындар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын күшейту, т.б. сұрақтары бойынша облыстық, қалалық, аудандық хирург, травматолог дәрігерлерге, қалалық, аудандық МСЭҚ басқармаларының мамандарына нұсқама беру.

Семинар-сабаққа қатысушыларға алған білімдерін бекіту үшін тестілеу жүргізілді.

Ғайнолла ЗИНУЛЛИН.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*