Сахнада – сұлулар байқауы

Бүгін Махамбет атындағы қазақ драма театрында «Атырау аруы – 2016» сұлулық байқауының ақтық сыны өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 16 мен 24 жас аралығындағы жиырма  бойжеткен «Атырау аруы» тәжіне  «таласады». Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында болған «VERO ModeLZ» модельдік агенттігінің жетекшісі Вероника Қошманова  мен «Жас қоғам» жастардың бастамаларын дамыту қорының төрағасы Руслан Ахашев, жоба режиссері Алуа Бесбаевалар айтты.

%d0%b1%d1%80%d0%b8%d1%84%d0%b8%d0%bd%d0%b3

Жалпы, биыл аталмыш сұлулық конкурсының кастингіне 80 бойжеткен қатысқан. Соның ішінен іріктелген 20 ару күніне 7-8 сағаттан, үш апта бойы тынымсыз дайындалып жатқан көрінеді.

Вероника Қошманованың айтуынша, қыздар үш  негізгі кезең бойынша сахнада өнер көрсетеді. «Олар конкурс ережесіне сай, алдымен, өздерін таныстырады, екінші кезеңде әдемі   киімдермен жүріп өтеді (дефиле). Одан кейін қыздарымыз интеллектуалды сұрақтарға жауап береді» дейді ол. Айта кетелік, байқау облыстық әкімдік пен «Жас қоғам» жастардың бастамаларын дамыту қорының қолдауымен өтеді. Сондай-ақ, шара ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне арналып отыр. Аталмыш қор төрағасы Руслан Ахашевтан білгеніміздей, конкурсқа қатысушылар қарттар мен балалар үйлерінде болып, қайырымдылық шараларына да атсалысып жүр. «Жасыл елдіктермен» бірге тал егу акцияларына да қатысқан екен.

Рита ӨТЕУҒАЛИ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*