Сахнада — мың бұралған бишілер

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында мектеп оқушыларының «Кел, билейік!» атты ІV қалалық жас бишілер фестивалі өтті.

IMG_1186-27-04-17-03-39

Қалалық білім бөлімі ұйымдастырған шараға барлық қалалардан келген би топтары қатысты.

Шараның мақсаты – балаларды биге баулу арқылы ұлттық өнерді ұлықтау. Додада 60-қа жуық өрен өз өнерлерін ортаға салды. Олар  ұлттық және еркін тақырыптағы билерді орындады. Би өнері көрермендерге жағымды қуат беріп, ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күй сыйлады. Арнайы бекітілген қазылар алқасы тақырыптың ашылуына, орындаған би мағынасының толық суреттелуіне және бидегі ырғақтықты сезінуге, қимылды бір уақытта бірдей қайталауға, үзіліс пен екпін түсіруге назар аударды.

IMG_1191-27-04-17-03-39

Кіші топта бас жүлдеге №25 Бауыржан Момышұлы атындағы орта  мектептің «Сәукеле» би тобы лайық деп танылды. Ал, орта топ бойынша №7 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің «Күншуақ», жоғары топта №12 Ф. Досымова атындағы орта мектептің оқушыларынан құралған «Татулық» би тобын қазылар алқасы жоғары бағалады. Байқау жеңімпаздарын қалалық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Жұмазия Жолмұханова дипломдармен және бағалы сыйлықтармен  марапаттады.

IMG_1196-27-04-17-03-39

Абай АБЫЛАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*