САҒЫНЫШҚА АЙНАЛҒАН ЖАН

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесін қоюға батыстан аттанған жауынгерлердің қатарында болған атамыз жапондарға қарсы да соғысады. Қытайдың Дунь-Хуа, Цзя-Охо, Эмо қалаларында болады.

Екі майдандағы ерлігі мен батылдығы үшін атам Бірінші  дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», Үшінші дәрежелі «Даңқ» ордендерін өңіріне тақты, «Ерлігі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды.

Елге аман оралған атам Новобогат аудандық атқару комитетінің инспекторы, кейін 1953 жылдың шілдесіне дейін Гурьев, Қызылорда облыстарында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің қызметкері болды. Қызылорда  педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті факультетін бітіреді де,  бар саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнайды. Туған жерге оралған атамыз  Куйбышев атындағы орта мектепте, 1961 жылдан өмірінің соңына дейін Махамбет ауданындағы М.Горький атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиетінен дәріс берді. Талай мақтау-марапаттарға ие болды. 1980 жылы оған «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» атағы берілді. Атам  педагогикалық қызметінде шәкірттеріне салауатты өмір салтын, денешынықтыру мен спортты насихаттап, көпшілікке өнегелі ісін қалдырды. Біз, кейінгі ұрпақтары сол үшін де оны мақтан етеміз.

Шалағұл атам мен Күләй әжемнен өрген  екі ұл мен бір қыздан бүгінде алты немере, үш жиен, төрт шөбере бақытты ғұмыр кешудеміз. Бұл атам куә болған Ұлы Жеңісіміздің жемісі десем артық айтқандық болмас.

Жыл сайын Жеңіс мерекесін ерекше құрметпен қарсы алып, омырауындағы  орден-медальдары күн сәулесімен жарқ-жұрқ етіп шеруге шығатын атам бүгінде арамызда жоқ. Атамның әсерлі әңгімелерін, өсиетке толы мағыналы сөздерін сағынамыз.

 

Сандуғаш ҚАБДЕЛОВА,

майдангер ұстаздың немересі,

орыс тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*