Сағыздағы «Балауса» балабақшасының директоры жауапқа тартылуы мүмкін (ФОТО)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов Қызылқоға ауданына жұмыс сапарымен барып, ауыл тұрғындарымен, мемлекеттік қызметшілермен кездесті.

ASRXKWYKCmc

Алдымен Сағыз ауылдық округіндегі «Шұғыла» мәдениет үйінде жұртшылықпен кездескен департамент басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Артынша ауыл ақсақалдары қазіргі таңдағы күрмеуі шешілмеген ауыз су мәселесін қозғап, алдағы уақытта тезірек шешімі табылса деген тілегін жеткізді.

3dtcMT_5bVc

Жиналыс одан әрі қоғамдық қабылдаумен жалғасып, онда Сағыздағы «Балауса» бөбекжай балабақшасының медбикесі Кәмшат Нұртай балабақшадағы біраз келеңсіздіктерді айтты. Оның айтуынша былтырғы жылы балабақша меңгерушісі қызметкерлерді орынсыз жұмсап, өзінің міндетінде жоқ жұмыстарды жасатқан. Бірақ оның еңбекақысы толықтай төленбеген. Оған жауап берген Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов бұл мәселеде балабақша қызметкерлеріне сотқа шағымдануға кеңес берді.

0-UNJBK_IlU

Ал, Мұқыр ауылдық округінде өткен жиналыста ауыл ақсақалы Амангелді Сәрсенбаев: «Облыс бойынша соңғы екі жылда қанша сыбайлас жемқорлық іс қозғады? Мектеп және аурухана басшылары мемлекеттік қызметкерлер болып санала ма?» деп сұрады.

pXUfcM82xes

Оған жауап берген Тоқтамыс Жұмағұлов Сыбайлас жемқорлыққа қатысты Атырау облысында 2016 жылы 130 азамат, 2017 жылдың 8 айында 93 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың басым көпшілігі 366 бап пара алумен, 361 бап лауазымдық өкілеттерді теріс пайдалану бойынша істі болғанын жеткізді. Сондай-ақ, дәрігер, мұғалім, мәдени сала қызметкерлері мемлекеттік қызметші емес, дегенмен де оларға теңестірілетін лауазымды тұлға екендігін атап өтті. Дәл осындай жиналыстар ауданның барлық ауылдық округінде жалғасын тапты.

Лаура НАРИМАНОВА

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*