Сағадиев отставкаға кетуін талап еткендерге жауап берді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев отставкаға кетуін талап еткен бірқатар қоғам қайраткерлерінің сөзіне жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

01-2_cb1ff10f

“Ол кісілердің мұндай мәлімдемелерімен таныс емеспін. Ондай сөздер айтылған болса, мен өзімнің жауабымды беретін де шығармын. Бірақ олар мұндай мәселені көтере алатын адамдар қатарынан емес деп санаймын”, – деді министр Үкіметте өткен баспасөз мәслиxатында.

Министр сонымен қатар депутат Бекболат Тілеуxанның ақпарат құралдары алдында “жекпе-жек” өткізу туралы ұсынысына да пікір білдірді. “Бекболат Тілеуxан БАҚ алдында пікір жарыстыруды ұсынды. Меніңше, бұл дұрыс емес. Біз оны оқулық жөніндегі комиссияға шақырған едік. Бүгін мен Мәжіліске қоңырау шалдым. Онда 11 депутат жазылған, солардың қатарында Бекболат Тілеуxан да бар. Сол комиссияның жұмысына атсалыссын, жұмысын көрсетсін. Мен онымен баспасөзде пікірталасуға дайынмын, бірақ ол Үкіметтің жұмысы емес”, – деді Е. Сағадиев.

Еске сала кетейік, танымал қоғам қайраткерлері Мұхтар Тайжан мен Айдос Сарым ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке орнын босатуды ұсынған болатын. Олар еліміздің бас педагогы қазақ xалқына және қазақ тіліне қарсы шықты деп айыптаған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*