Зобалаң жылдар зауалы

ұрпақ жадынан ешқашан ұмытылмайды

«Ашаршылық пен репрессия құрбандарын еске алу күнін бір датаға сыйдырғаннан гөрі,  екі тарихи оқиғаға екі бөлек қарағанымыз дұрыс. Себебі, ашаршылықтың соңында өзге пиғыл, репрессияның артында мүлде басқа саясат жатыр» дейді атыраулық сарапшы-ғалымдар.

31 мамыр – Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу датасына орай, облыстық «Атырау» газетінің Бас редакторы Исатай Балмағамбетовтың модераторлығымен өткен «дөңгелек үстел» шарасына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Мүтәлі Тәйтенов, тарих ғылымдарының докторы, профессорлар Аққали Ахмет, Лесқали Бердіғожин, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман Нағымов пен репрессия құрбанының ұрпағы Ақжай Есқалиева қатысты. Қазақ халқы бастан кешірген ең бір қасіретті жылдардың зерттелуі, тарихы, қатпарлы тұстары сөз болған шара барысында көптеген ұсыныстар мен ой-пікірлер ортаға салынды.

Елді сорлатқан нәубет

Исатай БАЛМАҒАМБЕТОВ:

– Аштық пен репрессия – қазақ халқын ең алапат шығынға ұшыратқан тарихымыздағы қасіретті жылдар кезеңі болып табылады. Еліміздің демограф-ғалымдары «осы қанды даталар болмағанда, қазақ халқының саны 50 миллионға дейін жеткен болар еді» деп те жүр.

Қазақ даласын үш мәрте жайпап өткен аштық жылдары миллиондаған халқымыз далада қырылды, репрессия кезеңінде ұлт зиялыларының бетке ұстарлары көгенделіп, трибуналға айдалды. Ғалымдарымыз бұл оқиғаларды «қазақ ұлтына қарсы әдейі ұйымдастырылған қастандық» деп атап жүр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз