Жас ұрпақ тәрбиесі: ардагерлер үлесі қандай?

ZHas rpa t rbiesi Қоғам

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы болып өтті. Пленум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Нұрсәуле Сайлауова қатысты.

????????????????????????????????????

Онда күн тәртібіне ұсынылған бірінші мәселе бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов «Жас ұрпаққа әскери-патриоттық және рухани-ізгілік тәрбие берудегі ардагер ұйымдарының рөлі мен белсенділігін арттыру туралы» баяндама жасады. Бүгінде облыстағы барлық деңгейдегі ардагерлер кеңестері жастарға отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілікті тәрбие беру жұмыстарын белсенділікпен, жүйелі түрде ұйымдастырып келеді.

Бүгінде облыстағы барлық деңгейдегі ардагерлер кеңестері жастарға отансүйгіштік, адамгершілік, ізгілікті тәрбие беру жұмыстарын белсенділікпен, жүйелі түрде ұйымдастырып келеді. Соғыс, тыл және еңбек ардагерлерінің жастармен кездесулері, Елбасы Жолдауларын, халықтың бірлігін, қоғамның тұтастығын, ұлттық құндылықтарды түсіндіру, насихаттау ісіне белсене араласуы жоспарлы жүргізілуде.

Пленумда талқыланған мәселеге орай қоғам қайраткерлері Есен Тасқынбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері Орынғали Қарасаев, Мәдина Ғабдысәлімова, «Елсана» қоғамдық руханият бірлестігінің жетекшісі, профессор Бақтыбек Таубаев, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов және басқалар сөйлеп, жарасымды отбасылардың берекелі тірлігін, қарапайым еңбек әулеттерінің өнегелі істерін насихаттау, тыл еңбеккерлеріне мәртебе беру, жастардың жат элементтерден бойларын аулақ салуда ардагерлердің үлесі жөніндегі құнды ой-пікірлерімен бөлісті.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы міндеттер және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» туралы Үндеуін жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар туралы Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов қосымша баяндады. Мақаттықтардың бұл бағыттағы жұмыс тәжірибесі ардагерлер ұйымдарына таратуға лайықты деп танылды.

Пленум талқыланған мәселелер бойынша қаулы қабылдады. Облыстық ардагерлер кеңесінің құрамы жаңа мүшелерімен толықты. Соңынан бір топ ардагерге «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және облыстық ардагерлер кеңесінің түрлі деңгейдегі марапаттары тапсырылды.

Бақытжан ЖҰМАТ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз