ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ БЕРІПТІ

Балық аулауға тиым салынған жерден Жайықтың байлығын заңсыз ұстауға болмайды. Бұл заңдылықты бұзған Атырау қаласының тұрғыны Амангелді селосы тұсында, Жайық өзені жағалауында қара балыққа арналған ау құралымен балық аулап тұрған кезінде ұсталды.

Бүгінде құқық бұзушы М.Д-ға қатыстыАтырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында еліміздің ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлімімен әкімшілік іс қаралды.Сот қаулысымен М.Д. белгіленген заңдылықпен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 39 640 теңге айыппұл жазасына тартылды.Айғақты зат ретінде алынған ұзындығы 12 метр ау құралы қаулы заңды күшіне енгеннен кейін жойылды.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз