Теріс ағым тұзағынан сақтан!

Облыс басқармалары арасында өткен «Зайырлы қоғамдағы діни сауаттылықтың маңызы» атты семинарда экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет, қоғамдағы қауіпті ахуал мәселесі талқыланып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті.

Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шоқаев жас мамандарды қауіпті ағым мен жат діни көзқарастардан сақтандыру мәселелеріне арналған шараның тәрбиелік мәніне тоқталып өтті.

Жаһандану заманының ерекшеліктерінің бірі – миссионерлік қызметтің қарқындап өсіп, әртүрлі сарындағы діни бірлестіктердің әлемге тарауы. Осы бағытта пікірін білдірген Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы Өмірбек Бекежан мемлекеттік органдармен қатар қоғамдық ұйымдарды, жұртшылықты қатыстыра отырып діни теріс ағымдарға тосқауыл қою қажеттігін атап көрсетті.

 (Толық нұсқасын газетімізден оқи аласыздар).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз