СӘТ АТАНЫ ЕСКЕ АЛСАҚ…

Халқымыз ежелден елдің қамын ойлаған батыр, би абыздарды әулие деп санап, оларды қадірлеген. Осындай елге сыйлы, есімі ел жадында сақталған абыздың бірі – Сәт баба. Өз әкесі – Қосай ата. Сәт бабаның қасиеттілігі бала күнінен сезілген. Әсіресе, бір жері сынып, майып болған жандарды емдеп, ел алғысына бөленген. Сәт атадан тараған ұрпақ – Мыңсейіт, Бексейіт, Биден, Жақия, Темірқұл, Құрас, Мамақ. Олардан өрбіген ұрпақтар да бар. Ең кенже ұлы Мамақ атамыздың ғана ұрпағы жоқ. Әулиеден тараған ұл-қыздарға, олардың да балаларына сынықшылық қасиет қонған.

 

Сәт атамыздың бейіті – Нарын құмында. Түнек үйі де әзір тұр. Жанында Мыңсейіт, Бексейіт, Жақия, Құрас аталарымыздың да зираттары бар. Соқпадан салынған елеусіздеу бейітін ел қамқорлығына алып, көрнекті кесене тұрғызса деген ұсыныс-пікірді 1996 жылғы 13 шілдедегі «Атырау» газетіне жазған мақаламда білдірген едім. Алайда, оған ешкім үн қоса қоймады. Менің айтайын дегенім, аруақты ардақтап, Сәт атамызға ас берсек, кесене тұрғызсақ нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені, басы ауырып, балтыры сыздаған адамдар өзіміздің Атырау облысын былай қойғанда, Ресей жерінен, Астрахан облысынан келіп жатады. Ол үшін Исатай ауданындағы Сәт атаның ұрпақтары жиналып, қор ашса деген тілек бар. Бұл іс қолға алынса, алыс-жақындағы бауырларымыздың аянып қалмайтыны кәміл.

Өтеғали МАҒЗОМҰЛЫ,
Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз