ОЗА ШАУЫП ОРТАДАН…

Жақында өзін-өзі тану пәнінен облыстық олимпиаданың І кезеңі өтті. Облыс бойынша 30 оқушы қатысқан бұл додада облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның оқушылары Асыл Нұржанқызы мен Ханзада Андрейқызы да бар. Асыл бірінші жүлделі орынды иеленсе, Ханзада Алғыс хатпен марапатталды.

 

 Білім сайысының мақсаты– өзін-өзі тану пәні бойынша құндылық бағдарларды қалыптастыру арқылы рухани-адамгершілік білім беру, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету.

 Ойы ұшқыр дарынды жастардың жолын тоғыстырған жарыста гимназия мәртебесін биікке көтерген құрбыларымызды мақтан тұтатынымызды өзіміздің сүйікті басылымымыз «Атырау» газеті арқылы жеткізгіміз келді.

Айнел КАМИ,

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия оқушысы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз