НҰРЛАН ЕРІМБЕТОВ, САЯСАТТАНУШЫ: МЕМЛЕКЕТ РЕТІНДЕ САҚТАЛЫП ҚАЛДЫҚ

- Ең бастысы, бүгінде әлем Қазақстан деген елді, қазақ деген ұлтты біледі. Біздердің, яғни қазақстандықтардың бойында «Менің елім», «Менің жерім» деген мақтаныш, патриоттық сезім пайда болды. Сол сезім бізді болашаққа жетелеп келе жатыр.

 

Екіншіден, әлемдік саяси картада қалыптасқан мына ахуалға да назар аударуымыз керек. Осыдан он-жиырма жыл бұрынғы сол картаны алып қарап отырсаңыз, әлемде көптеген мемлекеттердің болғанын көресіз. Сол мемлекеттердің бүгінде көпшілігі жоқ. Біреулерінің атауы өзгерді, енді біреулері бөлінді, өзге мемлекетке қосылды, кей бөлігі жойылып тынды. Міне, осы мәселе бізге сабақ болуы керек. Әлемдік ахуал күрделі үрдістерді бастан өткерген осындай кезеңдерде біз тәуелсіз елімізді, алып территориямызды сақтап қала алдық. Ең үлкен жетістігіміз де осы.

Тәуелсіздік – ортақ құндылық. Сондықтан, елдің игілікті дамуына әр азамат үлес қосуы керек деп ойлаймын. Яғни, еңбектеген баладан  еңкейген кәріге дейін өзінің ойымен, санасымен жұмыс істесе, тәрбие мәселесін үйінен, ауласынан, жұмысынан бастаса, үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз