Компания тынысы – фотокөрмеде

39408905 672743673104994 2324717848586354688 o Мәдениет

Елбасының «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Теңізшевройл» бірлескен компаниясының ширек ғасырлық мерейтойына арналған фотокөрме жасақталды.  

39408905_672743673104994_2324717848586354688_o

Фотокөрме облыстық Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде ашылды. Оған Теңіз кенішін алғаш ашушылар, сала ардагерлері, кәсіпорын қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Мақсат – серіктестіктің тыныс-тіршілігінен сыр шерту. Осыған дейінгі және қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарды халық арасында насихаттау.

Алдымен «қара алтын» игілігін дүйім елге жеткізген кәсіпорын туралы деректі фильм көрсетілді. Онда «Теңізшевройлдың» қызық пен қиындыққа толы сара жолы әдемі көрініс тапқан. Ал, фотокөрменің шымылдығын кәсіпорынның бас директоры Тед Этчисон құттықтау сөзімен ашты.

– Біз 1993 жылдан бері білікті мамандардың арқасында жемісті еңбек пен толайым табыстарға қол жеткізіп келеміз. Жетістіктің негізгі сыры осында деп ойлаймын. Егер адам өз жұмысын шынайы сүйіспеншілікпен жасамаса, одан ештеңе шықпайды. Міне, айналасына кәсіби шеберлер шоғырланған «Теңізшевройл» бүгін бүкіл әлем көз тіккен алып компанияға айналып отыр, – деді ол.

Осыдан кейін аталған мекеменің үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев пен музей басшысы Төлеген Орынбасарұлы көрме жұмысына сәттілік тіледі. Қабырғаға ілінген әр сурет компанияның түрлі кезеңін қамтиды. Сондай-ақ, «Келешек кеңею» жобасы да бейнеленген. Барлығы – 36 сурет.

Жиналғандарға өндірісі өркендеп, көкжиегі кеңейіп, мұнай-газ нарығында нағыз көшбасшыға айналған компанияның кешеден бүгінге дейін атқарған жұмыстары егжей-тегжейлі баяндалған кітап жинағы үлестірілді. Онда әр жылдың өзіне тән ерекшелігі  талданып, сараланып жазылған.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз