ХАЛЫҚТЫҢ ҚЫМБАТ ҚАЗЫНАСЫ

Қазіргі таңда Атырау өңірінің өзінде өзге ұлт өкілдерінің арасында да ана тілімізге деген құрмет артып, мемлекеттік тілді дамыту жолға қойылуда.

 

Осы орайда Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығында апталық іс-шаралар жасақталып, тіл әдіскерлері мемлекеттік қызметшілермен жұмыс бағыттарын жүргізуде. Атап айтсақ, мемлекеттік дәріс алып жүрген тыңдаушылар «Ана тілім – дара тіл» тақырыбында эссе жазып, өздерінің ана тіліне деген ыстық сезімдерін білдіріп, қалам тербеді.  Ана тіліміздің мерейін асқақтатып, насихаттау мақсатында орталықта «Ашық есік» күндері жарияланып, семинарлар мен тәрбиелік сабақтар өз деңгейінде ұйымдастырылды. «Туған тілім – баға жетпес қазынам» тақырыбындағы поэзия кешінде тыңдаушылар жыр жауһарын төгіп,«Тілім менің – тірегім» атты айдармен мереке одан әрі жалғасын тапты.

Ләззат САНСЫЗБАЙҚЫЗЫ,
Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,
біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының тіл жөніндегі әдіскері.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз