ГАЗ ТАРАЛЫМЫ АЗАЙМАҚ

Қазақстанда  2030 жылы ауаны ластайтын газдардың таралуы 1990 жылмен салыстырғанда, шартсыз мақсат ретінде 15%-ға, шартты мақсат ретінде 25%-ға азайтылады. Бұл жөнінде «Қазақстанның улы парниктік газдардың таралуын азайту бойынша 2021-2030 жылдарға арналған ұлттық міндеттемелері» атты Астанада өткен семинарда ҚР  Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

 

Қазақстанxалықаралық үдерістердің толыққанды мүшесі ретінде жаһандық мақсаттардың орындалуына және тұрақты шешімдерге үлес қосып келеді. «Оның ішіне климат мәселелері де кіреді. Мемлекет Басшысының жаһандық экономиканың тұрақтылығына қол жеткізу, соның ішінде ЕҚЫҰ аясында «жасыл» теxнологияларды дамыту және инвестициялық жобаларды қолдау бойынша xалықаралық орталықты Астанада құру жөніндегі ұсынысы әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасына ие болды. «Жасыл» теxнологияларды дамыту әлемнің тұрақты дамуының 13 мақсатының бірі болып табылады. Ол – климаттың өзгеруіне қарсы күрес және оның салдарының алдын алуға септігін тигізетін жолдардың бірі. Осыған орай Энергетика министрлігі ҚР Президенті жанындағы «Жасыл» экономика кеңесінде Лима қаласында өткен 20-шы конференцияда қабылданған шешімді, парниктік газдарды азайту бойынша ұлттық мақсаттарды тағы бір талқылаудан өткізген болатын», – деді министр.

 Өз  тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз