Бард ақын фестивалі

Screenshot 5 1 Мәдениет

Атыраудағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың әнін орындаушылар арасында облыстық «Табылды әні» атты лирикалық шығармалар фестивалі өтті.

Screenshot_5

Байқауға 16 мен 36 жас аралығындағы 12 өнерпаз қатысты. Аталған өнер фестивалінде қатысушыларға қойылған ерекше талап – ақынның халық арасында кеңінен танылған «Сәйгүлік», «Биіктік», «Желтоқсандағы жыр», «Мен қазақпын», «Ұнатамын мен сені» атты бес әнін орындауға тыйым салынды.

Қазылар алқасының мүшесі, Табылдының ұлы Абыл Аяштың айтуынша, бұған дейін ұйымдастырылған осындай байқауларда орындаушылар тек аталған әндерді ғана шырқаумен шектелетін. Ал, бард ақынның жетпістен астам әні бар екендігін ескерсек, бұндай талаптың қойылуы орында да.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлде мен 50 мың теңге сертификаты құрманғазылық Ізбасар Самиғоллаевқа табыс етілді.

Б.ХАМИТҰЛЫ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз