«АБАЙ» ЕСКЕРТКІШ МОНЕТАЛАРЫ ШЫҚТЫ

ҚР-ның Ұлттық Банкі үстіміздегі жылғы 14 тамыздан бастап «Банкноталардағы портреттер» монеталар сериясынан номиналдық құны 500 теңгелік, «рroоf» сапалы алтыннан, күмістен және номиналдық құны 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Абай» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарды.

 

Алтыннан, күмістен және нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы алтын және күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған.

Ескерткіш монеталар ҚР-ның бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ, шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті. ҚР-ның барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Монеталарды ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалынан сатып алуға болады: Уәлиханов көшесі, 2а. Анықтама үшін телефоны (712) 232-22-09.

Б.КЕНЖЕБЕКОВА, ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімнің жетекші маманы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз