Келешегі кемел бастама

Screenshot 12 Қоғам

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы» – бұл ұлттық негіздегі білім қорын белгілі дәрежеде сапалық жағынан халықаралық ғылыми лексикамен байытатын игі бастама, ізгі жоба.

Screenshot_12

Біздің жастарымыз бұған дейін қоғамдық және гуманитарлық сала, яғни, тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша әлемдік іліммен көбіне шетел ғалымдары жазған оқулықтар, жекелеген ғылыми ізденістер мен орысша аудармалар арқылы танысты. Бұндай жағдайда мәтіннің бастапқы мәні өзгерістерге ұшырайтыны белгілі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан дәл бір жыл бұрынғы гуманитарлық білімнің барлық бағытындағы ең озық 100 оқулықты түпнұсқадан аудару идеясы жақында ғана жүзеге асып, он сегіз жаңа кітаптың тұсауы кесілді. Түсіне білсек, бұл жаңалық – еліміздегі білім мазмұнын кеңейтіп қана қоймай, оқырман санасын жаңа биікке көтеретін айтулы оқиға, түпнұсқадан тікелей тәржімаланған ерен еңбек. Келешекте осы жауҺарлар еліміздің барлық кітапханаларының сөресінен берік орын алады.

Ендеше, жаңа аударылымдағы кітаптардың ерекшеліктері неде? Алдымен, қазақ оқырманы – болашақ білікті жас жаҺандағы жаңалықтарды, ойлау жүйесіндегі озық  дүниелер мен ғылыми жобаларды алғаш рет түпнұсқадан тікелей тәржіма арқылы оқу мүмкіндігіне ие болды. Яғни, бұл Елбасының «Қазақ мемлекетінің болашағы – қазақ тілінде» деген сөзінің тағы бір дәлелі болса керек.

Аталған жүз кітапты таңдауға көп күш жұмсалды. Еліміздегі жоғары оқу орындары ол үшін 800-ден аса оқулықты коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросына» ұсынып, одан бар-жоғы 18-і ғана іріктелді. Оның 16-сы ағылшын, 2-уі француз, орыс тілдерінен аударылған, жалпы таралымы 47 миллионнан астам. Кітапты аудару жұмысына әл-Фараби, Л.Гумилев, ALMU, С.Демирел, басқа да оқу орындарының 90-нан астам ұстаз-ғалымдары мен аудармашылары араласты. Аударма жөніндегі комиссия талабы бойынша бұл оқулықтар әлем оқу орындарында оқытылатын, кем дегенде үш рет қайта басылып, жарық көрген, идеялық жағынан бейтарап кітаптар. Атал-ған оқулықтарды аудару барысында қазақ тілінде 3-мыңнан астам ғылыми терминдер мен ұғымдар пайда болып үлгерген. Бұл қазақ оқырмандары – қазақ  жастарының ойлау жүйесінің әлемдік деңгейге көтерілуі, қазақи ғылыми сананың қалыптасуына қоғамдық, ұлттық сананың жаңаруына үлес қосатын оқулықтар болмақ. Сөйтіп, біздің жоғары, орта оқу орындарымызда ғылым, білім жаңаша сипат алады. Бұл ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Биылғы оқу жылында аталған қазақ тіліне аударылған нұсқа білім беру бағдарламасына енгі-зіледі және жыл аяғына дейін тағы да 12 оқулық тәржімаланады, кітап түрінде 100 kitap.kz сайтында онлайн және үздік лекциялардың видеотекасында үш форматта болмақ.

Астанада «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы кітаптарының таныстырылымы өтіп, онда Елбасы мұндай кешенді бағдарламаның жүзеге асуы әлем елдерінде сирек кездесетіндігін, керек десеңіз ТМД елдері арасында бірінші болып қолға алынып отырғандығын қаперге берді. Олай болса, мұндай жақсы істің жалғасы 5-10 жыл емес, ғасыр-ларға ұласып, ұлттың ұлтанды, елдер арасында еңсесі биік, мәртебесі жоғары мемлекет атануына үлес қоссын.

Ерсайын Ихсанов,

Атырау инженерлік-гуманитарлық

институтының ректоры, профессор, облыстық мәслихат депутаты.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз