Руханият клубтары көбейсе

«АПЕК Петротехник» жоғары техникалық колледжінде «Рухани жаңғыру» республикалық жобалық кеңсесі өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Онда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өңірлерде жүзеге асырылу барысы баяндалды.

Руханият клубтары көбейсе

Аталмыш кеңсенің Атыраудағы жетекшісі Ринат Құлмағанбетов бағдарламаға енбей қалған жобаларды атап өтті. Оның айтуынша, кеңсе орталықтары шалғай аудандарда ашылуда, енді оқу орындарында да жұмыс жасамақ. Қазір Атырау аймағы бағдарламаның орындалуы бағытындағы көрсеткіштер бойынша ең алдыңғы орында тұр. Бастысы, сан емес, сапа екенін ескерсек, ұмыт болған салт-жоралғыларымыз бен байырғы шаруашылықтарымызды қайта жаңғыртуға жұмыстану қажет-ақ.

Осыдан кейін жобалық кеңсенің Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай өңірлеріндегі өкілдері бағдарламаның тиімді тұстарына тоқталды. Солардың бірі Тәжібай Аян көп жобалардың Елбасы мақаласында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтінін жеткізді. Мәселен, жергілікті жердегі меценаттар өз атын шығаруға құмар болса, бұқаралық шаралардың біразының ұрпақ санасын жаңғыртуға еш пайдасы жоғын алға тартты. Ал, Атыраудағы «Елсана» руханият клубының мүшесі Серік Сапанов ауызша әңгімелерден гөрі нақты мұрағат деректерін есепке алуға, санаулы ғана қалған тарихи кітаптарды қайта басып шығаруға ұсыныс білдірді.

Амандық Абдол

 

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*