«Рухани келісім» күніне орай салтанатты шара өтті (ФОТО)

18 қазан – «Рухани келісім» күніне орай, Атырау қаласындағы Құрманғазы мәдениет үйінде салтанатты шара болып өтті. Облыстағы барлық діни конфессия өкілдері, этно-мәдени ұйымдар қатысқан шарада жұртшылықты аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев құттықтады.

ЕАС 191

«Бұл жағдайға алдыңғы буын ағалар куә, жастарымыз мұрағат құжаттарынан білуі тиіс. Кеңес Үкіметі тарағаннан кейін, көптеген сарапшы мамандар «Қазақстанның болашағы жоқ» деген ұйғарым жасаған болатын. Себебі, еліміз түрлі ұлт өкілдерінен құралды және олардың әрқайсының діни ұстанымы әр түрлі еді. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде, бірлігі бекем, тірлігі мықты, болашағына сенген мемлекеттің біріне айналдық. Рас, сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезінде діни факторды пайдаланып, ел ішіне іріткі салғысы келгендер болды. Бірақ, халқымыз бірлігінен айнымады»,-деген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, әлемдегі дәстүрлі діндердің барлығы да адамзат атаулыны бейбітшілікке үндейтінін атап өтті.

ЕАС 122

Ресми құттықтау салтанатты марапатқа ұласты. Діни, рухани тұтастық саясатын қалыптастыруға атсалысқандары үшін, аймақ әкімінің алғыс хатымен облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің тілшісі Надежда Шильман, орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Қайрош Қуанов, Ғизат Сүйінғалиев, Римдік – Католиктік Атырау апостол Әкімшілігі Апостол әкімшісі Бурас Дариуш, «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Зелимхан Зубариев және бірқатар мемлекеттік қызметкерлер марапатталды.

ЕАС 159

ЕАС 037

Шара соңы мерекелік концертпен жалғасын тапты.

ЕАС 104

ЕАС 239

ЕАС 131

 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*