ӨРТ ӨКІНІШІ ӨЗЕКТІ ӨРТЕМЕСІН!

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Болатбек Омаровтың айтуынша, биылғы жылы 11 табиғи өрт тіркеліп, одан 119 га жерге залал келген. Ал, «Ақжайық» резерватының директоры Рахмет Елемесовтен білгеніміз, ерекше қорғалатын аумақта биыл төрт өрт оқиғасы тіркелген.
Күннің шіліңгір ыстығында дала өртін болдырмау көп күшті қажет етеді. Әсіресе, қурап тұрған өсімдік атаулы мұндайда кез келген нәрседен өздігінен тұтанып кетуі мүмкін. Сол себепті, Сәлімжан Жұмашұлы резерваттың әбден қурап тұрған қамысын алдын ала өртеп жіберуді қарастырып отырғандарын жеткізді. Осы жолы тікұшақ арқылы маңайды түгел бағдарлап қайтқан облыс әкімінің орынбасары өрт шыға қалған жағдайда оны өшірудің және алдын алудың жолдары мен мүмкіндігін өз көзімен көрді. Сол сияқты, шешімін күткен мәселенің бірі – резерватты өртке қарсы техникамен толықтай қамту болып отыр. Ол үшін алғашқы кезекте суда да, балшықты жерде де жүре беретін, жол талғамайтын екі көлік пен екі өрт машинасы сұралған. Олар Жайықтың қос жағалауын да қамтамасыз етіп, бір-бірден бөлінетін болады. Өз кезегінде Еркінқала селолық округінің әкімі Ерғали Тапанов өрттен кейін қопсып қалған жерлерді жаңалау керектігін де қаперге берді.
Бұл жолғы өрт-тактикалық жаттығу жұмыстарына төтенше жағдай департаменті және жергілікті басшылықпен қатар, «Атырау Су Арнасы», «Арнайыавтобаза», Атырау мұнай өңдеу зауыты мекемелері, тәртіп сақшылары, байланыс, тамақтандыру, медицина қызметтері тартылды. Тілсіз жаудың бетін қайтаруға 3 дана техника, 10 дана қосымша техника пайдаланылып, шараға алпыстан астам адам қатысты.

Құралай ОРАЗ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*