Ұрпақ ұстазға қарап өседі

Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі барлық білім беру ұйымдары директорларының арасында жаңажылдық  кеш өтті. «Қыстың көзі қырау» болғанына қарамай шалғай аудан мен ауылдан ат арытып келген педагогтар жаңажылдық көңіл күйде бір-біріне ізгі тілектерін жолдап, қуанышқа бөленді.

%d0%b1%d1%96%d0%bb%d1%96%d0%bc

Абзал мамандық иелерін  облыс әкімі Нұрлан Ноғаев келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

– Өткен жыл несімен есте қалды десек, басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын ел көлемінде атап өттік. Егемендіктің оңай орнамағанын әуелі өздеріңіз түсініп, кейін өскелең ұрпаққа ұғындыруда аянбай тер төгіп келесіздер. Жеткен жетістігімізді еселеу үшін әлі де көптеп қызмет етуіміз керек. Расында да, тәуелсіздіктің мәні зор. Қаншама боздақтар бейбітшілік үшін жан пида етті?! 550 жылдан астам тарихы бар мемлекетте өмір сүретін әрбіріміздің алдымызда сол ата-баба жолын жалғау міндеті тұр. Сондықтан, алдымен өзіміз ұл-қыздарымызға лайықты тәрбие бергеніміз ләзім. Өйткені, жаһандану үдерісі жүріп тұрған заманда ұлттың жойылмауы үшін қарсы тұратын бір күш бұл – ішкі дүниесі бай, рухы биік, ойы азат азаматтар болмақ. Олардың қалыптасуына біздің елімізде барлық жағдай бар. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев оқу процесін, ұрпақтың толыққанды білім алуын жеке бақылауында ұстап отыр. Соның нәтижесін бүгінгі күні жаңадан бой көтеріп жатқан білім беру нысандарынан көріп жүрміз. Әрбір білім беру ұйымы кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген. Аталмыш саланы жетілдіруде мол қаражат бөлінуде. Оқу мен тәрбиеде ешқашан тоқтауға, шектеуге болмайды.

Мен де бір ұстаздың шәкір-тімін. Алғашқы ұстазым, сынып жетекшілерім, пән мұғалімдерім бәрі есте. Оларға алғысым шексіз. Қалыптасып, осындай жетістіктерге жетуіме ықпал еткен менің тұңғыш ұстазым – Мәрия Жұбанова апайды және басқаларын атар едім, – деген өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы саланың бір топ ұстаздарына марапаттар табыстады.

Атап айтқанда, «Еңбек ардагері» медалімен Атырау қаласындағы ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын гимназияның директоры София Әлібаева мен №31 мектеп-гимназиясының  директоры Мәрия Машралиева марапатталды.

«ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушысы Нәсіпқали Төлегеновке, Қызылқоға ауданы Б.Аманшин атындағы орта мектептің директоры Гүлшара Сарыға және Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Клара Сагеноваға берілді.

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен Махамбет және Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшылары  Самат Жайлашев пен Марат Ғилаев, Атырау қаласындағы №3 орта мектептің директоры Ерік Оралбеков,  Маржан Андалова мен Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің оқытушысы Анар Әбдірахманова, «Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушысы Толқын Ғаббасова марапатталды. Сондай-ақ, бір топ педагог ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына және Алғыс хатына лайық деп танылды. Өзіндік тәжірибесімен көзге түскен, дара жолын қалыптастырған бірқатар мұғалімге Атырау облысы әкімінің, облыстық мәслихаттың Алғыс хаты табысталды.

«Ең үздік мектепке дейінгі ұйым» аталымы бойынша Атырау қаласындағы №6 «Гүлдер» балабақшасы үздік танылды.

Салтанатты рәсімнің құрметті қонақтары ретінде салаға әр жылдары басшылық жасаған ардагерлер де шақырылыпты. Олардың қатарында 1976-1985 жылдары облыстық білім беру басқармасын басқарған Сара Мұсағалиева, 1985-1999 жылдары тәуелсіздіктің сындарлы кезеңінде білім беру саласын жандандырып, көптеген игі істердің ұйытқысы болған Жайлы Өмірбекова, одан кейінгі жылдарда еңбек еткен Светлана Испусинова, Қилымғали Қайненов, Серік Сапанов, Киікбай Жаулин, Сатқан Есенғалиев, Берік Сәрсенғалиев бар. Шара барысында олардың есімдері де аталып, құрмет көрсетілді.

Мерекелік кеште ұстаздар да өнерлерін  көрсетті. Бірі ән салса, келесісі дөңгеленіп би биледі. Әсіресе, ауданнан, қаладан келген директорлардың билеген «Құшақ биі» өте әсерлі шықты. Жаңа Тауық жылына байланыстырылған бүлдіршіндердің көңілді биі де мерекенің маңызын арттыра түскендей.

Нұргүл Ысмағұлова

Суретті түсірген:

Ерлан АЛТЫБАЕВ.

29 комментариев

  1. Гаухар

    Детей за их достижения надо поощрять. Только так можно сохранять в них интерес к самосовершенствованию. Поэтому практика проведения таких мероприятий – одна из самых действенных в системе воспитания и обучения.

  2. Молодцы, ребята! У нас очень много талантливых детей, им надо помогать развивать их таланты, создавать все необходимые условия.

  3. Такие востребованные на практике и научно обоснованные проекты! Уверен, что сфера образования и науки в будущем у нас будет только лучше и лучше.

  4. Многое зависит от учителей, их таланта, квалификации и ответственности. Поэтому хочу выразить благодарность учителям за такие достижения их учеников.

  5. С началом проведения подобных мероприятий образование стало заметно улучшаться. В ходе таких мероприятий педагоги обмениваются опытом и берут у друг друга все самое лучшее.

  6. Всех с праздником! Особенно учителей, которые всем доказали, что какие бы на дворе не были кризисы, они продолжают упорно трудиться и давать нашим детям прекрасное образование!

  7. Не знаю как сейчас, но раньше мы восхищались нашими учителями и для нас они были не из мира сего, пытались подражать им, копировать мимику. Я думаю, так должно быть всегда, дети растут на их примере

  8. Айгерим

    Барлық ұстаздар қауымын шын жүректен құттықтаймын! Жеңімпаздарды құттықтаймын! Осындай шара арқылы басқаларға үлкен стимул болады

  9. Айдана

    Керемет! Ұстаздардың еңбегін бағалау керекпіз дұрыс! Жақсы іс-шара!

  10. Керемет! Жарайсыз! Барлық ұстаздарды шын жүректен құттықтаймын! Шәкірттеріңіз биіктерден көріне берсін тек

  11. Казбек

    Ұстаз қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Мейрамдарыңыз құтты болсын!

  12. Даурен

    Ұстаз деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. Сондықтан Сіздердің орындарыңыз бөлек. Құттықтаймын!

  13. Мугалымдерге осындай стимул кажет, елымызде мугалым дарежесын котеру керек жане сыйлы.

  14. Нурлан

    Барлық ұстаздар қауымын құттықтаймын! Ұстаздардың мәртебесін көтеру керек, Сіздер барлықтарыңыз ҮЗДІКСІЗДЕР!

  15. Отличный конкурс провели! Организаторы молодцы! Супер, что труды учителей оценили по достоинству

  16. Мы должны поддерживать учителей и повышать их статус в обществе. Молодцы, что наградили лучших педагогов.

  17. Поздравляю всех учителей! Молодцы, что наградили учителей и сделали им огромный подарок

  18. Супер! Поздравляю! Думаю, что правильно делают награждая лучших учителей. Мы должны ценить их труд!

  19. Балжан

    Ұстаздарымыз бір сергіп қалған шығар! Құрметті біздің апайлар, мейрамдарыңызбен! Ұстаз – Ұлы тұлға деп бекер айтылмаған!

  20. Бағлан

    Ұстаз статусы қазір бұрынғыдай емес. Оларда көп бағаламаймыз! Біздің екінші аналарымыз бен әкелеріміз емес бұл кісілер! Мейрамдарыңызбен!

  21. Адилет

    Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым

  22. Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ тұлғалар Мейрамдарыңызбен!

  23. ЕРКЕЖАН

    баланың қалыптасуына, дамуына үлкен себепші болатын, үлкен үлесін қосатын ұстаздар болғандықтан. қандай іс – шара болмасын, қандай кеш болмасын ұстаздарды мақтаусыз қалдыру болмас.

  24. Айганым

    Самая благородная профессия!

  25. айзере

    Конечно дети берут пример со своих учителей, вот поэтому семья и школа должны быть тандемом. ведь от учителей многое зависит

  26. Барлық адам алдынан өтетін ұстаздар қауымына нендей жақсылық жасасаңыз да, артықтық етпейді.

  27. ЕРКЕЖАН

    қоғамдағы өзгерістің барлығы ұстазға тікелей байланысты болғандықтан, бір мезгіл ұстаздарды да сергітіп, жандару керек сияқты осындай іс – шаралар арқылы.

  28. Poti Syzdykov

    Система образования нашей страны улучшается с каждым днем. Ныне мы идем практически на одном уровне с другими странами.

  29. жарайсыздар! кутты болсын! Сиздерге улкен курмет!

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*