Құрманғазы ауданында «Атырау-Ақпараттың» Кубогі үшін футболдан облыстық турнирге іріктеу басталды (ФОТО)

Құрманғазы ауданындағы денешынықтыру және сауықтыру кешенінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басым бағыттарды насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында кіші аяқ добынан аудандық турнир басталды.

Изображение 033

Серіктестіктің кубогы үшін өтіп жатқан бұл турнирде 6 команда бақ сынады. Олар аудан әкімшілігінің (команда капитаны, аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров), аудандық ішкі істер бөлімінің (команда капитаны Жарас Бектеміров), аудандық өрт сөндіру бөлімінің (команда капитаны Самалбек Ғаббасов), Ганюшкино шекаралық бақылау бөлімшесінің (капитаны Бекболат Имашев), аудандық орталық аурухананың (капитаны Бейбіт Қанатов), Құрманғазы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің (капитаны Мейрам Шакупов) командалары.

Изображение 023

Салтанатты шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне қарасты Құрманғазы аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Таңатар Дәрелұлы, Құрманғазы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Әдебиет Ердешов сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Изображение 038

Айта кетейік жарыс жеңімпазы облыста өтетін ойынға жолдама алады. Алғашқы ойын аудан әкімшілігі мен спорт мектебінің арасында өтіп жатыр.

Изображение 074

Изображение 077

Изображение 104

Бүгін түстен кейін турнир қорытындыланады.

 

Қанат ҒҰМАРОВ.

Суреттерді түсірген Асанәлі Ғұмаров.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*