Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында қайырымдылық концерт өтті.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Өмір гүлі» ансамблінің бастамасымен Айнұр Дүйсештің емделуіне қолдау көрсету мақсатында «Мейірім шуағы» атты қайырымдылық концерті өтті.

кайырымды истин

Шарада қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған Айнұр Дүйсештің өмірі жайлы бейнесюжет көрсетілді.

Айнұр Ерланқызы 2007 жылы Атырау қаласында дүниеге келді. Әжесі мен ата-анасының еркесі Айнұр Ғ.Мүсірепов атындағы №5 орта мектептің үздік оқушыларының бірі еді. Бір сәтте ауырып, төсекке таңылса да, өмірден күдер үзбеген Айнұр ертеңгі күнге нық сеніммен қарайды. Төртінші дәрежелі «Глеобластома» диагнозы қойылғаны  ата-анасына ауыр соққы болды.

Кішкентай сәбидің басына ота жасалып, бірнеше химиялық терапиядан өтіп, бауырларының арасында жүзіне күлкі жиырылып, айналасына шуағын төгуге ұмтылған Айнұрдың арманы да жоқ емес. Оның арманы – дәрігер болу. Өзі секілді кішкентай сәбилердің  жан жарасын жеңілдетіп, ем жүргізу.

– Әрбір адам шарапаты мол істерді жасауға атсалысса, нұр үстіне нұр болады. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тауып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болуды  көздеп отырмыз, – дейді «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Тыныш Жакупова.

Концертті тамашалауға келген атыраулық тұрғындар мен студенттер де қайырымдылық жасаудан қалыс қалған жоқ. Олар залға қойылған жәшікке қаржы салды. Қайырымдылық концертінен түскен қаражат  Айнұр Ерланқызының ата-анасына табысталды.

Абай Ақмұрзиев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*