ҰРЛАНҒАН НӨМІР

 …Екінші көрініс те алғашқысына ұқсас. Бірақ, бұл жолы бәзбіреулер көліктің нөмірін әдейі ұрлаған. Техниканың иесі нөмірді іздеп біраз жүрді. Сұрастырды, хабарландыру да беріп көрді, нәтижесі болмады. Амалдың жоқтығынан төрт-бес күн уақытын сарп етіп, құжат соңында жүріп, ақыры жаңа мемлекеттік белгіні алды-ау. Бұрынғы нөмірі «әдемі», жаттауға да жеңіл еді. Алайда, басқа амалы бар ма? Айтпақшы, әлдекім жуырда телефон шалып, «жоғы» үшін бес мың теңгені есепшотына салып жіберуді сұрапты. Жүзбе-жүз кездесуге келмейді.

Әңгімені өмірден алынған екі оқиғадан бастауымыз бекер емес. Өйткені, мұндай жағдайлар мұнайлы өңірде жиілеп  барады. Белең алған көрініске қатысты жол қауіпсіздігін қадағалаушы орын өкілдерінің алып-қосары болмады. Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полицияның инспекторы Сұңғат Сапаров мәселеге қатысты ұсынатын мәліметінің жоғын, ол жөнінде қалалық ішкі істер басқармасына жолығуға кеңес берді. Ал, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова автокөліктің нөмірі ұрланған жағдайда жәбірленушінің тез арада жергілікті ішкі істер құрылымына арыздануы қажеттігін айтып отыр.

– Тұрғын қалалық немесе аудандық ішкі істер бөліміне жолығып, автокөліктің мемлекеттік нөмірі жоғалғандығы жөнінде тиісті анықтама алады. Бұл құжатпен  әкімшілік полицияға келуі қажет, одан арғы жағдай сол жерде түсіндіріледі, – дейді Гүлнәзира Шамкенқызы.

Атырауда енді ғана белең алған көрініс алматылық тәртіп сақшыларын біраздан бері алаңдатуда екен. Мұнда соңғы кездері автокөлік нөмірін ұрлау оқиғасы тіптен көбейіп кетіпті. Тек биылғы жарты жылдың өзінде 234 техниканың мемлекеттік белгісі жымқырылған.

Мұның себебі неде? Байқасақ, қаскөйлер біреудің мұндайды  өз мақсаттары үшін пайдаланатын көрінеді. Алматылық тұрғын Евгений Кононовтың басынан өткен жағдай – соның бір мысалы. Сөйтсе, оның көлігінің нөмірін ұрлағандар бірнеше рет жол жүру ережесін бұзыпты. Екі рет жылдамдық асырылғандықтан кінәсіз көлік иесіне 40  мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі қажеттілігі ескертілген. Ол тиісті орындармен дауласып жүріп қана өзінің ақтығын зорға дегенде дәлелдепті.

Полицейлер қылмыскерлердің өзге көлік нөмірін пайдаланатынын айтып отыр. «Сондықтан, техниканың нөмірі ұрланған жағдайда тез арада құқық қорғау органына шағымданып, мәселенің мән-жайын анықтау қажет» дейді тәртіп сақшылары.

Азамат САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*