ӘРІПТЕСТІК ҚОҒАМ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАДЫ

 

Ғалымбек Бейбітұлының айтуынша, бүгінгі уақыт талабымен, мезгіл тынысымен үндесе өмірге келген осынау үрдісті елімізде жүйелі түрде өрістету үшін алдымен оның заңдық негізін қалап, құқықтық базасын қалыптастыруға назар аударылған.
Үстіміздегі жылғы шілде айының 21-інен бастап «Қазақстан Республикасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу және оның қолданылу аясын кеңейту мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енген. Енді алдағы қыркүйек айында осыған қосымша ҚР Үкіметінің бірнеше қаулысы мен Қаржы министрлігінің бұйрығы қабылданады. Бұдан бөлек, Елбасының «Концессияға беруге жатпайтын нысандардың тізілімі туралы» Жарлығы (2007 жылғы заңға өзгертулер енгізген) да шыққан.
Әңгімесін осыдан бастаған республикалық құрылым түсіндіруінше, аталған заңдылықтар аясында бірінші кезекте мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің тартымдылығына, соның ішінде оның қолжетімділігіне, қызметтердің тарифтік тұрғыдан реттелуін тұрақтандыруға, меншікті капиталдың деңгейін көтеруге қол жеткізілген.
Осы шара кеше «Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамытудың қазіргі заманғы тұжырымдамалары» тақырыбымен өткізілген семинар-кеңеске ұласты. Онда жоғарыда аталған республикалық Орталықтың департамент директоры Оксана Самокейш тақырып төңірегінде толыққанды түсінік беріп, әріптестерінің пікірін тыңдады, қойған сауалдарына жауаптар қайтарды.
Соңынан екі күндік шараға қатысушылардың барлығына сертификат берілді.

Дәулетқали АРУЕВ.
Суретті түсірген Самат ҚАЙЫРЖАНОВ.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*