Әріптестерге – Алғыс хат

«Атырау-Ақпарат» медиахолдингінің баспасөз орталығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов үнемі тығыз байланыс жасап, мемлекет саясатын жұртшылыққа жеткізіп отыратын журналистерге алғысын жеткізді.

????????????????????????????????????

Салмақты сөз, салиқалы мақалаларыңыздың арқасында бұқара мен билік арасындағы байланыс нығая түсті. Қоғамда болып жатқан құбылыстармен қатар, елімізде қабылданған заңдылықтарды қалың бұқараға насихаттауда тілшілердің еңбегі зор. Әсіресе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы халық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танысып, біліп отыр. Атқарылған игі істермен бірге орын алған олқылықтарды көрсетіп, кемшілікті түзетуге де қосқан үлестеріңіз аз емес, – дей келе Тоқтамыс Қадошұлы бір топ журналисті Алғыс хат, естелік сыйлықтармен марапаттады. Олардың қатарында «Атырау» газетінің бас редакторы Исатай Балмағамбетов пен құқық қорғау және экология бөлімінің тілшісі Майра Оразғалиева бар.

Айбөпе Сабырова

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*