Рейд жүргізу – Универсиадаға байланысты

Бұл туралы ҚР Ішкі істер Министрлігі Көші-қон полиция Департаментінің бастығы Серік Саинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

_DSC0468

«Тұрғылықты мекенжай бойынша арнайы тексерістер жүргізілмейді. Аталмыш тексеріс Алматыда  Универсиаданы өткізуге дайындыққа қатысты жедел-алдын алу іс-шаралар аясында ғана жүргізілді. Бұл шара тіркеуге байланысты емес.

Біз үшін Универсиаданы жүргізу халықаралық маңызы бар іс-шара және жалпы әлемдік тәжірибе болып табылады.

«Басқа аймақтарда бірде-бір тексеріс жүргізілмеген. Және де үстіміздегі жылдың наурыз айының ортасына дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық орындарда адамдарды тоқтатып, тексеріп, тіркеу қағазын талап етпейді,-деді С.Саинов.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*