Ретро-саябақта «Ұлттық спорт алаңы» салынады

Атырауда «Ретро-саябақ» аумағында қала әкімінің қолдауымен «Ұлттық спорт алаңы» салынады. Алаңда ұлттық спорттың сипаттармаларымен бірге тоғыз құмалақ, аударыспақ, көкпар, асық ату және т.б ұлттық спорт түрлерінің жаттығу құрылғылары орналастырылады.

30831444_1227361604061115_228442926_n (1)

Аймақты салудағы басты мақсат – ұлттық спортты тұрғындар мен қала қонақтары арасында терең насихаттап, дамыту.

«Бұл бастаманы «Атырау облыстық Ұлттық спорт түрлері федерациясының» жетекшісі Асланбек Жанбалаев ұсынған болатын. Қаламыздың көркейіп, әртүрлі бағытта дамуына шын жүректен үлес қосатын осындай жандардың бары көңілге қуаныш сыйлайды. Парктың әрі қарай да дамуына осындай белсенді қала тұрғындары атсалысса екен», – дейді Атырау қалалық мәдениет және демалыс коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының басшысы Ануар Жұмабай.

Айта кету керек, Ретро Паркте «Ұлттық спорт алаңы» шілде айына дейін ашылатын болады.

Хорлан СМАДИЯР

1 комментарий

  1. Jaksy bastama eken!!!

Оставить комментарий к lady in red Отменить написание

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*