Ретро дискотекаға 7 мыңға жуық адам қатысты

Атырауда ретро дискотекаға 7 мыңға жуық адам қатысты. Сұлтан Бейбарыс алаңында 3 сағат бойы 80-90-ы және 2000-ы жылдардың хит өлеңдері қосылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_2529-15-09-18-06-16

Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен қоғам белсенділері ашық аспандағы дискотеканы ұйымдастырған болатын.

– Бұл дискотека алдыңғы рекордты жаңартты. 31 тамызда болған шараға шамамен 5 мың адам жиналды. Кешкілік жұма кешінде адамдар жұмыстан шаршағанына қарамастан, барлығы отбасымен келіп, үш сағат бойы билеуді тоқтатпады, – дейді ұйымдастырушы Арман Хайруллин.

Айта кетейік, Қазақстандағы екінші рет мұндай ашық аспанда ретро дискотекасын ұйымдастырған әзірге Атырау облысы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, салтанатты шара дәстүрге айналып, одан да көп азаматтарды жинауды жоспарлап отыр.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*