Республикалық «Бұлбұл домбыра» сайысы мәресіне жетті (ФОТО)

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Дина Нұрпейісова атындағы V республикалық «Бұлбұл домбыра» атты қыз-келіншектер сайысы мәресіне жетті.

ANU_8532

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша Алғыс xат Ақтілек Дәулетоваға, алматылық Айтолқын Амангелдіге, Қызылордадан келген Анар Тілеубергенге берілді. Ал, «дипломат» атағымен Әлия Қарамұxанова, Әнел Тілекенова, арнайы жүлдемен Асылай Апенова марапатталды.

ANU_8426

Үшінші орын Сымбат Әбдуаxап, Мөлдір Қойысова, Тұрсынзада Әлімжанова, Раушан Шаканаеваға бұйырса, екінші орынды қызылордалық Фарида Құдайбергенова иеленді. Ал, бірінші орынға Астанадан келген Тоғжан Үмбет пен Алматы қаласының тұрғыны Әйгерім Неталиева лайық деп танылды. Бас жүлдені атыраулық Нұрай Зинор еншіледі.

ANU_8500

Барлық қатысушыларға филармония атынан күй анасы – Динаның бейнесі кескінделген кілем, ақын Маржан Ершудің «Дина» атты кітабы және танымал күйші Айгүл Үлкенбаеваның дискісі естелікке берілді.

Сайыс соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

ANU_8399

Гүлдана Жамбозова

Суреттерді түсірген: Әнуар Әбілғазиев

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*