РЕФОРМАЛАРДЫҢ ТАБЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚТЫҢ

 

Атап айтқанда, Астана қаласының этномәдени және қоғамдық бірлестіктері «100 нақты қадам» жоспарының тиімді жүзеге асырылатынына сенім білдірген және бұл шара халықтың тұрмыс деңгейін көтеріп, елдің әрі қарай дамуына жағдай туғызатынын айтқан.

«Біз оны Қазақстан үшін оңтайлы бағдарлама деп ойлаймыз, өйткені ол қоғамдық-саяси және экономикалық қызметтің барлық қырын қамтып, елімізді жаңа биіктерге жеткізеді», – деп жазады авторлар.

Мемлекет басшысының таңдаған даму бағдарына ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер мен мәдени орталықтардың мүшелері, сондай-ақ Алматы, Талдықорған, Қапшағай қалаларының және Алматы облысының бірқатар аудандарының тұрғындары қолдау білдірген. Олар «бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» елдің мүмкіндіктерінен туындайтынын және нақты айқындалған мақсаттарға бағытталғанын, ал бұл мақсаттарға жүйелі қол жеткізу Қазақстанды әлемнің барынша дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосатынын атап көрсеткен. «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Алматы облыстық филиалының төрағасы Ш.Асиев елде әзірленген бағдарламалық құжаттар қойылған міндеттерді нақты шешу жолдарын көрсететінін атап өткен. «Қазақстанның дамуын әлемнің барлық елдері көріп, тәнті болғандарын жеткізуде. Президент ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізе отырып, әлемнің барлық мемлекеттерімен қарым-қатынасты жолға қоя білді. Баршаға арналған заманауи мемлекет құру – стратегиялық жоспар. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» жүйелі жүзеге асырылатын және елді гүлденуге жеткізетін  нақты іс-қимылға шақырады», – делінген хатта.

Қолдау білдірген хаттар Атырау облысының этномәдени бірлестіктері өкілдерінен де келді. «Иверия» грузин этномәдени бірлестігінің жетекшісі З.Бобохидзе Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамды елдің бәсекелестік қабілетін арттыру және әлемнің барынша дамыған мемлекеттерінің қатарына қосылу жөніндегі ортақ мақсат жолында біріккен біртұтас халыққа ұйыстырудағы маңызды рөліне назар аударған.

«Қазақстанның халықаралық аренадағы орны барған сайын нығайып келеді. Бүкіл әлем еліміздің даму жолының артықшылығын мойындады», – деп атап өтілген хатта.

(«Егемен Қазақстан»,

 27 тамыз, 2015 жыл, ықшамдалып алынды).

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*