ҰРДЫҢ МЕНІ, ТОҚСАН БЕС!

 

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Жарға ойнадың сен он бес.
Қызыл шекпен желбегей,
Қыздар сүйген жиырма бес.
Жалаулы найза секілді,
Жалаңдаған отыз бес.
Қынсыз пышақ секілді,
Қылшылдаған қырық бес.
Ақыл асып ми толған,
Сені қайттім елу бес.
Аш бөрідей арсылдап,
Алдыңды орар алпыс бес.
Өрге шықса тізем деп,
Ылдиға түссе белім деп.
Сені қайттім жетпіс бес,
Балаң мазақ қылады.
Қатының сөзбен ұрады,
Сені қайттім сексен бес.
Кеше тірі Ақтайлақ,
Бүгін өлі бір Тайлақ.
Тірі деп ешкім ескермес,
Қараша тауға қар жауар.
Қос бұлақтан су ағар,
Ұрдың мені, тоқсан бес, – деп төсегіне құлаған екен дейді.

Көңілқос ШАМҒАНОВ,
Атырау қаласы.

Оставить комментарий

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*